ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ОТАНДЫҚ ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Түркістан облысының өнеркәсіптік әлеуетін дамытуға мүмкіндік беретін бірнеше маңызды ірі жобаны іске асырылуда. Мемлекет тарапынан қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі. Бұл бағытта отандық инветсорлардың үлесі артып келеді.

Өңдеу саласында облыста «Саутс Ойл» компаниясының «Созақ Фосфат» фосфорит өндіру және «Састөбе инновациялық кешені» каустикалық сода, «Стандарт Петролюм» мұнай өңдеу зауыты сияқты инвестициялық жобалар іске асқан жағдайда, өңірдің өнеркәсіп саласындағы шығарылатын өнім көлемінің өсуіне септігін тигізеді. Аталған бағытта жобалардың мерзімінде іске асырылуы бақылауға алынып, нақты жұмыстар жүргізілуде.

Бұл жобалалардың жүзеге асуын талқылау үшін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өңірде ауқымды жобаларды іске асыратын отандық ірі бизнес өкілдерімен, «Саутс Ойл» компаниясының президенті Серікжан Сейтжановпен кездесті.

– Мемлекет басшысы биыл 1 қыркүйекте «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа кезекті Жолдауында өңдеу өнеркәсібін дамыту туралы тапсырма бере отырып, шетелдің және еліміздің инвесторларын бастапқы үш жылда салықтан және басқа да міндетті төлемдерден босатқан жөн екендігін нақты айтты. Бұл өңдеу өнеркәсібі индустриясына айтарлықтай серпін берері анық. Жолдау аясында ірі кәсіпорындардың шикізатты кезең-кезеңімен қайта өңдеу жөніндегі міндеттемелерін бекіту жөнінде айтылды. Біз экономикамыздың өсімін арттыруда жан-жақты жұмыстар атқаруымыз керек. Бизнестің жеке бастамаларына барынша қолдау көрсетеміз. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады, – деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.

Отандық инвесторлар тарапынан Ордабасы ауданында мұнай өнімдерін өңдеу зауытын салынды. 650-ден астам адамды жұмыспен қамтитын өндіріс орнында жылына 2 млн. тонна өнім өндіріледі. Түлкібас ауданында каустикалық сода, ПВХ, кальций карбиді, әк цемент өндіру зауыты салынуда. Бүгінде зауыттынң инфрақұрылымы жасақталуда. Созақ ауданында фосфорит кендерін өңдеу зауытының іске қосылғанда 1 мыңнан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Қазығұрт ауданындағы Өгем өзенінде Каскад ГЭС құрылысы қарқынды. Түлкібас ауданында компания қуаты 320 МВт газ электр станциясының құрылысын жүргізілуде.

Түркістан облысында жалпы өнеркәсіп өнімінің 44,6% үлесі өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Биыл бұл саладағы өнім көлемін 422,2 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланған. Өнеркәсіп саласында 14,3 мың адам жұмыспен қамтылған. Өңдеу өнеркәсібінде 2023 жылы жалпы сомасы 26,1 млрд. теңгеге 540 жаңа жұмыс орнын құрайтын 20 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Бүгінгі таңда жалпы 5,4 млрд. теңгеге 6 жоба 215 жаңа жұмыс орнымен іске қосылды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.