Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Аймақ тынысыАқпараттар ағыныСпорт

«МАҚТААРАЛ» ҚАТАРЫНАН ТӨРТІНШІ РЕТ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 23 тур ойындары өтті. Түркістан облысының «Мақтаарал» командасы өз алаңында Павлодардың «Ақсуын» қабылдады. Алаң иелері алғашқы минуттардан ойын тізгінін өз қолдарына алып, үш ұпай үшін таласатындарын аңғартты.

Ойынның 13-минутында Сағадат Тұрсынбай алаң иелерін алға шығарды. Ол бұрыштама арқылы көтерілген допты қақпаға дәл бағыттай білді. Ал кездесудің 95-минутында Серж Ньюадзи есепті 2:0-ге жеткізді. Осылайша, маңызды жеңіске ие болған «Мақтаарал» ұпай санын 24-ке жеткізді. Қазір команда 11-орында тұр. Яғни, премьер-лигадағы орнын сақтап қалуға, тіпті, турнир кестесінде одан жоғары көтерілуіне мүмкіндігі мол. 5 кездесуде ұпай қорын молайтуға болады. Ол үшін алдағы кездесулерде сәтті ойнауы тиіс. Ең бастысы, соңғы турда «Оқжетпеспен» өтетін кездесуде ұпай жоғалтпаса, биылғы маусымның тапсырмасы толық орындалуы мүмкін. Басты бәсекелестердің осы кездесуінде көп мәселе шешіледі. Тамыз айының үздік бапкері атанған Қайрат Нұрдәулетовтың шәкірттеріне жанкүйерлер үмітпен қарайды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ТЕҢДЕСІ ЖОҚ ЗАМАНАУИ НЫСАН БОЙ КӨТЕРМЕК

admin

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТЫҚ ШАРУА 4200 ТОННА ӨНІМ ӨНДІРУДЕ

admin

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА БЕТОН ЗАУЫТЫ АЙЫНА 30 МИЛЛИОН ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ӨНДІРУДЕ

admin