ЖАҢАЖОЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

24-қыркүйек күні өткен сайлаудың қорытындысы бойынша Тұранов Марат Есенұлы Мақтаарал ауданы Жаңажол ауылдық округінің әкімі болып қайта сайланды.

Аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков пен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Дәулет Ерімбетов жаңа басшыны жергілікті қоғамдастық пен округ әкімі аппаратының ұжымына таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Марат Есенұлы 1970 жылы қазіргі Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Жаңажол ауылдық округіне қарасты Өргебас ауылында дүниеге келген.

1991 жылы  Қапланбек зоотехникалық малдәрігерлік техникумын «Ауыл шаруашылық өндірісіндегі бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша, 1995 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін «Халықаралық экономикалық қатынастары» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1995 жылы «Тұран» шаруа қожалығында есепші болып бастаған.  1997 жылы Мақтаарал аудандық ішкі істер басқармасында көші-қон полициясының аға инспекторы болған.

2004 жылдан бастап Мырзакент кенті әкімінің аппаратында мәдениет және әлеуметтік сала бойынша маманның міндетін атқарушы, кейіннен мәдениет және әлеуметтік сала бойынша маман және бас маман қызметтерін атқарды. Осылайша 2012 жылы Мырзакент кенті әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалған.

2018 жылы Мақтаарал ауданының кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы болса, 2019 жылы А.Қалыбеков ауылдық округі әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген.

2019 жылы Жаңажол ауылдық округінің әкімі болып сайланған болатын. Міне, аталған лауазымға халықтың таңдауымен қайта сайланып отыр.

Айта кетейік, 2020 жылы Өзбекстандағы Сардаба су қоймасындағы апаттың салдарынан Мақтаарал ауданына қарасты 5 елдімекенді су басса, соның 4 елдімекені Жаңажол ауылдық округіне қарасты еді. Осы төтенше жағдай кезінде Марат Тұранұлы белсенді еңбек етіп, ауылдардың қайта бой түзеуіне үлкен үлес қосты.

Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.