Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ПАРТИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ПЫСЫҚТАЛДЫ

Бүгін «AMANAT” партиясы Орталық аппараты ұйымдастыру аумақтық департаментінің инспекторы Болатбек Әйткей белгіленген кестеге сәйкес «Тұран» аудандық филиалының ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында партия филиалының бекітілген жұмыс жоспарлары және орындалуы тексерілді. Конференция, Саяси Кеңес, Бюро мәжілістерінің хаттамалары, партия мүшелерін есепке алу және мүшелік жарна төлемі және партиялық жобалар бойынша әдістемелік нұсқаулық берілді.

Сондай-ақ, Болатбек Әйткей бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен беделді партия мүшелерімен жүздесіп, партияға жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен атқару керектігіне тоқталды.

— Сайлауалды бағдарламасында айқындалған міндеттерді бірлесе атқарып, халық аманаты мен сеніміне адал болуға шақырамын. Атқарып жатқан игі істеріңізге сәттілік тілеймін,- деді Б.Әйткей.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАРМЕН БАЙЛАНЫС НЫҒАЯДЫ

admin

«SMART TURKISTAN» МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

admin

ҚР ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕДИЦИНА САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

admin