«ЖАН ШУАҚ» СЫЙЛЫҒЫ ТАБЫСТАЛАДЫ

«AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында жыл сайынғы «Жан Шуақ» қоғамдық сыйлығын беру рәсімі өтеді

Ағымдағы жылдың 30-қараша күні Астана қаласы, Бейбітшілік және Келісім сарайында «AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында жыл сайынғы «Жан Шуақ» қоғамдық сыйлығын беру рәсімі өтеді.

«Қазақстан мүгедектер конфедерациясы» РҚБ бекіткен «Жан Шуақ» халықаралық сыйлығы – паралимпиада ойындарында, арбада билеуде жоғары нәтижелерге қол жеткізген, мәдениет саласында және шығармашылық қызметте, өнерде жетістікке жеткен, елдегі ғылым мен білімнің дамуына үлес қосқан, өздерінің мақсаттылығының, ерік-жігері мен рухының арқасында әртүрлі қызмет салаларында нәтижелерге қол жеткізген және өз үлгісімен басқаларды белсенді өмірге ынталандыратын, мүгедектігі бар адамдарға қатысты қоғамдық сананың өзгеруіне үлес қосқан, олардың рөлін арттыруда және Қазақстан Республикасының басқа азаматтарымен тең дәрежеде қоғамдық өмірге қатысуда ерекше рөл атқарған тұлғалар мен ҚР орта және шағын бизнесінің дамуына қомақты үлес қосқан мүгедектігі бар кәсіпкерлерге тағайындалады.

Арнайы сыйлыққа өтінімді I, II, III топтағы мүгедектігі бар адамдар және мүгедектігі бар адамдардан тұратын, қоғамдық-мәдени өмірге белсенді қатысатын ұжымдар бере алады.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі 2023 жылғы 25 қыркүйек пен 25 қазан аралығы. Өтінім беру рәсімі: Жыл сайынғы «Жан Шуақ» республикалық сыйлығын алуға арналған өтінімнің нысаны бір данада e-mail: zhan.shuaq@mail.ru поштасына жіберіледі немесе Қазақстан Республикасы, ZOOP6K8, Астана қ., Абылай хан даңғылы, 43/1-үй мекенжайы бойынша жеке жеткізіледі.
Сұрақтар бойынша 8 (7172) 49 27 50, 8 701 555 74 07 телефондарына хабарласуға болады.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.