БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ – ПАРТИЯ НАЗАРЫНДА

Бүгін Шымкент қаласы «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жоба конкурсына дайындау оқу-жаттығу жиыны жобасының марапаттау рәсімі өтті. «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы қалалық ғылыми жобадан жеңген оқушыларға Алғыс хат пен сыйлықтар табыстап, жеткен жетістіктерімен құттықтады. Жас ғалымдармен қатар, профессор-оқытушылар құрамын да еселі еңбектері үшін арнайы Алғыс хатпен марапаттады.

Жан-жақтан жиналған дарынды балалар Біркөлік шатқалы, «АйСа» демалыс орнында 10 күн бойы ғылыммен айналысып, білімдерін жетілдірумен қатар, керемет демалуға мүмкіндік алған. Мұндай жобаның басты мақсаты — жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсына қатысушы дарынды балаларды академиялық қолдау, қабілеттері мен дағдыларын дамыту және зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету болып табылады.

— «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» атты сайлауалды бағдарламасында білім сапасын арттыруға негізгі басымдықтар берілген. Білім саласында жеткен жетістіктеріміз де аз емес. Жаңа оқушылар сарайы, жас техник стансалары, балалар технопаркі, музыка және өнер мектептері ашылады. Қазірдің өзінде балалардың уақытын тиімді пайдалануға арналған білім нысандары жүйелі жұмыс жасауда. Мектептерде отбасылық құндылықтарды, еңбекқорлық, білім культі мен патриотизмді дәріптеп, дамытуды басты назарда ұстап келеміз. Еліміздің ертеңі жалындаған білімді жастардың қолында. Ғылым, білім саласына төгілген тер міндетті түрде ақталады, — деді Ж.Бектаева.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.