Әскерге шақырылған жастар Шымкентке келді

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 35748 әскери бөліміне күзгі әскерге шақырудың мерзімді қызмет сарбаздарын жас толымы келді. Бөлімнің қалыптасқан дәстүрі бойынша сарбаздардың келуіне аса мұқият дайындалды.

Әскерге шақырылушылар Алматы, Жамбыл, Қостанай облыстарынан және Алматы қаласынан бірнеше командаға бөлініп келді. Осы күзгі әскерге шақыру науқаны аясында әскери бөлім 200-ге жуық сарбазды қабылдады.

Жастарды өмірдің жаңа кезеңінің бастапқы кезеңдерінде қолдау үшін әр команданы, келу уақытына қарамастан, әскери оркестрдың әуендерімен қарсы алды. Бұл әрекетімен бөлім басшылығы жас сарбаздарға, олардың армиядағы алғашқы күнінен бастап барлығына тиісті көңіл бөлінетінін жеткізгісі келді.

Орналастыру алдында жауынгерлерге бригаданың командалық құрамы таныстырылды, олар қызмет өткеретін әскери бөлімнің тарихы туралы айтылды.

Салтанатты күтіп алудан соң, сарбаздар казарманың орналасқан жерімен танысты, ал жиын басшылығы жас буынға әскери киім формасын алып, оны ретіне келтіруге көмектесті.

— Әскерге шақырылушылардың келуіне барлық жағдай жасалып, жиын әкімшілігі құрылды. Оның құрамына тәжірибелі офицерлер мен сержанттар кірді. Олар сарбаздарды әскери істің негіздеріне үйретіп қана қоймай, олар үшін жаңа жағдайларға бейімделуге көмектеседі, — деп атап өтті жиын әкімшілігі бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары капитан Жасұлан Жанболат.

Бір ай ішінде әскерге шақырылушылар алғашқы әскери дайындық курсынан өтуі керек. Осы кезеңде оларды терең психологиялық зерделеу күтеді. Олар жалпы әскери дайындықтың негізгі пәндері бойынша білім мен дағдылар алады. Сарбаздармен саптық, дене шынықтыру, атыс, әскери-медициналық даярлық, жалпыәскери жарғылар және әскери қызмет қауіпсіздігінің негіздері бойынша сабақтар өткізіледі.  Жас толымның жиыны әскери ант қабылдау рәсімімен аяқталады.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.