ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН 3 600 ОРЫНДЫҚ 4 МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Жетісай ауданында «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында Асықата кентінде 900 орындық, Жетісай қаласында 1500 орындық, Ынтымақ ауылдық округінде 600 орындық, Қызылқұм ауылдық округінде 600 орындық мектептің құрылысы жүріп жатыр. Нысандарды 2024 жылы пайдалануға беру жоспарланған.

Бұдан бөлек, «Дипломмен ауылға» жобасы аясында өткен жылы елді мекендерде жұмыс істеуге келген мамандарды әлеуметтік қолдау мақсатында 302 маманға 92,5 млн. теңгеге көтерме жәрдемақы берілген. Сонымен қатар, тұрғын үй сатып алу үшін 72 маман 330,8 млн. теңге көлемінде бюджеттік несие алған.

Жалпы Жетісай ауданында білім саласындағы көрсеткіштер едәуір өскен. Мектеп бітірген 2 907 оқушының 173-і алтын белгі, 207-і үздік аттестат иеленіп, аудан республикада жоғары нәтиже көрсеткен. Сондай-ақ, 1 219 оқушы грант иегері атанды.

Айта кетерлігі, қазіргі таңда ауданда 82 мектеп бар. Оның ішінде 73-і — мемлекеттік, 9-ы — жекеменшік. Ал аудандағы жалпы оқушы саны – 47 674.

 Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.