Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Бас мақалаҚоғамОрнықты ой, орынды сөзРуханиятШындықтың жүзі

Аманжол Әлтай, Мәжіліс депутаты: Бүгінгі қоғамда түрлі келеңсіз оқиғалар белең алып жатыр

Қазақ деген халық анасын ардақтаған, аруын аялаған, ата-анаға құрметпен қараған халықтың өкіліміз. Отбасы  — өте күрделі институт. Өкінішке қарай, бүгінгі қоғамда түрлі келеңсіз оқиғалар белең алып жатыр.  Ер азаматтан қысым көрген әйел адам ғана емес, әйелден де қысым көрген еркектер де баршылық. Сонымен бірге өзінің қартайған шағында балаларынан қысым көріп отырған қарт ата-аналар да жетерлік. Біз «әкеммен ақылдасайын», «әкемнен сұрайын», «әкем біледі» деген түсінікпен өскен буын едік, қазір «мамам біледі», «мамамнан сұраймын», «мамам шешеді» деген балалар көбейіп бара жатыр.

Қоғамда ер азаматтар мен ата-аналардың құқығын қорғау мәселесіне қандай жауап беріледі? Ақпарат саласының өкіліне айтарым, бүгінде ақпарат кеңістігінде қазақ жігіттерін, ер-азаматтарын ез, қорқақ, жалтақ қылып көрсететін түрлі контенттің көбеюі, комедиялық жанрдағы фильмдердің көбеюі нені түсіндіреді?

Stan.kz

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент полицейлері есірткі зертханасын жойды

admin

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Марат Ахметжановты қабылдады

admin

Премьер қатысқан “разборка” (“Уақыт” газетiндегi уақыттың үнi ме?)

admin