97 БАТЫР АНА ТҰРАТЫН АУЫЛ
Қызылорда облысындағы Еңбек ауылында 97 батыр ана тұрады. Бұл туралы «24 kz» арнасы хабарлады. Көп балалы аналардың 43-і алтын, 54-і күміс алқа иегері. Батыр аналардың арасында 18 ұл-қызды дүниеге әкелгендер бар. Шиеттей бала-шағасы болса да ұлттық өнерді дәріптеуді қолға алғандары жетерлік.
Солардың бірі Тазагүл Қазыбекова мәдениет үйінде балаларды қолөнерге баулып жүр. Нәтижесінде ұршық иіру, шұлық тоқу, камзол тігу ісін меңгерушілер көп.
Ал көп балалы ана Айнұр Доспенбетова мемлекеттен 1 миллион теңге қайтарымсыз қаржы алып кәсіп бастаған. Қазіргі таңда көрпе-төсек тігіп, бала-шағасының нәпақасын тауып отыр. Игі іспен айналысқан апа-әжелер «Батыр аналар» ансамблінде де өнер көрсетеді. 35 жыл бұрын құрылған ансамбль мүшелері кейде трио, кейде квартет болып та құс дауыспен тыңдармандарды тәнті етеді.
Сабыржан БАЙБОСЫНОВ, Журналист