Халифаға үш cұрақ

Алла Тағаладан шынайы қорыққан пенденің бірі Бахлул Дана бір күні Халифа Харун Рашидке:

– Уа, Халифа! Саған үш сұрағым бар, соған жауап берсеңіз.  Біріншісі, жер бетіндегі ең көп не нәрсе?, Екіншісі, жер астындағы ең көп нәрсені айта аласың ба?, Үшіншісі, аспандағы ең көп не нәрсе? – деді.

Сонда Халифа Харун Рашид:  — Жер бетіндегі ең көп тіршілік иелері, жер астында ең көп өлілер, ал аспандағы ең көп – қанаттылар, көбелектер, құстар, т.б.,- деп жауат берді. Сонда жауапқа қанағаттанбаған Бахлул Дана:

– Жо-жооқ, Халифа! Сіз көзге көрінетін жағын айттыңыз. Астарлы ақиқатын айтпадыңыз. Егер білмесеңіз ақиқатын айтайын,  Жер бетіндегі ең көп, олар – ашкөздік, атаққұмарлық, қызғаныш, бір сөзбен айтқанда нәпсінің шексіз қалаулары. Жер астындағы ең көп нәрсе, ол – «Қап, әттеген-ай!» деген өкініштер. Ал аспандағы ең көп нәрсе – жеті қат көкке көтерілетін пенденің жақсы, салих  амалдары, деп жауап берген екен.

Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

Kazislam.kz

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.