Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Аймақ тынысыАқпараттар ағыныЗаңнама

Есірткі таратумен айналысқан шымкенттік отбасы сотталды

Олар есірткіге тапсырысты интернет арқылы қабылдаған. Сатып алушыларға дозалық есірткі орамаларын дайындап, қала аумағында жасырын орындарға қалдырып жүрген.

Жедел іс-шаралар кешенінің нәтижесінде полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері отбасының 3 мүшесі мен олардың 2 серіктесін анықтады. Тұрғылықты жерлерін тексеру кезінде есірткі заттары және оларды өлшеп-орауға арналған жабдықтар табылып, тәркіленді. Тергеу барысында полицейлер барлық дәлелдемелерді жинап, қылмыстық істі сотқа жолдады.

Отбасының 22 жастағы ұлы, яғни қылмысты ұйымдастырушы сот үкімімен 18 жылға бас бостандығынан айырылды, қалған 4 кінәлі тұлғаның әрқайсысы 16 жылға сотталды.

Ұқсас жаңалықтар

АРЫС ҚАЛАСЫНДА 100 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

admin

ҚАУІПСІЗ ӨНІМДІ ТАҢДАЙ БІЛІҢІЗ

admin

ТҮРКІСТАНДА ЖЕРГІЛІКТІ ҚАМТУДЫ БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ БІРІНШІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

admin