Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Мәдениет

ТАРИХ ТҰЛҒАЛАРЫН ДӘРIПТЕУГЕ АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің кітапхана бөлмесінде Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің 180 жылдығына орай «Қазақта Кенесарыдай хан өткен бе…»  тақырыбында кітап, сурет көрмесі ашылды.
Атаулы көрменің ашылуына музей қызметкерлері және қала қонақтары қатысты.
Көрме экспозициясына Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс жайында жазылған  Е.Бекмаханов, И.Ерофеева, Б.Кәрібаевтардың кітаптары мен қолтаңба түпнұсқалары жəне маңызды ақпараттардан құралған 30-дан аса құнды жəдігерлер ел назарына  ұсынылды.
Ел ардақтыларын дəріптеуге арналған көрмені бір ай көлемінде қала тұрғындары мен қонақтары тамашалай алады.

Ұқсас жаңалықтар

БАС МҮФТИ ӘЗІРЕТ СҰЛТАН МУЗЕЙІНЕ КЕЛДІ

admin

ТƏУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ КƏСІПОДАҚ БЕЛСЕНДІЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

admin

Гаухар ана кесенесінің аумағы жаңа кейіпке еніп келеді

admin