Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБас мақалаБилік және халық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КОРЕЯНЫҢ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ КОМПАНИЯСЫМЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бастаған облыс делегациясы Оңтүстік Корея мемлекетіне іссапары аясында бірқатар ірі компанияларының басшыларымен екіжақты кездесулер өткізіп, бірлескен жобаларды іске асырудың мүмкіндіктерін қарастырды. Атап айтқанда, Dong Sung фармацевтикалық компаниясының бас директоры Ян Гу Лимен кездесті. Кездесу қорытындысымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

1957 жылы салауатты өмір салтын сақтау мақсатында құрылған компания дәрі-дәрмек, косметика және тұрмыстық заттар өндіреді.

Компания фотодинамикалық терапияны дамытуда. Бұл қатерлі ісік ауруын емдеуді жеңілдетеді және ем-домнан соң жанама әсерлердің аз қаупімен емдеуді тиімді етеді.

Ұқсас жаңалықтар

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды

admin

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫЛАРҒА БЕТПЕРДЕ ТЕГІН ТАРАТЫЛМАҚ

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ДЕРЕКТЕРІНІҢ АЛДЫН АЛУ НӘТИЖЕСІНДЕ 372 МЛН ТЕҢГЕ ҮНЕМДЕЛДІ

admin