ШЫМКЕНТТЕН БАТЫСҚА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ЕКІНШІ ЛЕГІ ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек беру жөніндегі өңірлік штаб жұмысын белсенді жалғастыруда. Қазіргі таңда қалада ҚХА белсенділері ашқан бекеттерде құны – 18,5 млн. теңгеден асатын 40 тоннаға жуық зат жиналған.

Ассамблея мүшелері гуманитарлық көмектің екінші легін Батыс Қазақстан облысына жіберілді.

– Біз «Жүректен жүрекке» жобасына атсалысқан өңірлік «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен «АлемТрансЖол» компаниясына, «Яворский & партнеры» адвокаттық конторасына және игі бастамаға үлес қосқан барша тұрғындарға алғыс білдіреміз. Осындай қиын-қыстау кезеңде «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып», көмек қолын созуға бар ынтамызды салып жатырмыз. Көмек жинау жалғасын тауып жатыр, бекеттер күні-түні жұмыс істеп тұр, – дейді Өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Тахирбек Нишанбаев.

Бүгінде бекеттерде жиналып тұрған 20 тоннаға жуық көмекті жақын арада үшінші лекпен тасқыннан зардап шеккен өңірлердің біріне жіберу көзделіп отыр.

Айта кетейік, 6 сәуір күні Шымкент қалалық ҚХА белсенділері  алғашқы лекпен құны 10 млн. теңгеден асатын 20 тоннаға жуық гуманитарлық көмекті Атырау облысына жіберген болатын.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.