Шығыс жұлдызнамасы: ТЫШҚАН ЖЫЛЫ

Тышқан жылы туылғандар жыл бойына жағымсыз және шиеленісті жағдайларға жиі тап болады. Тіпті көпшіл, ақкөңіл, жайдары жан болсаңыз да, қалай екені белгісіз, дау-дамайдың ортасына түсіп қала беретін боласыз. Әсіресе, әйелдер жағы тіліне абай болғаны жөн.

Жылдың басында қаржылық жағынан аздап қиналуыңыз мүмкін. Сондықтан, ешкімге қарыз бермеңіз, қайтара алмай қаласыз. Және алаяқтық істерге араласпаңыз, ешқандай пайда көрмейсіз. Тек көктемнің аяғына қарай жағдайыңыз дұрысталып, қарыздарыңыздан құтыла бастайсыз. Бірақ, соған жеткенше өзіңіз де әбден қалжырап, денсаулығыңыз сыр береді. Жаз айларын аурухана төсегінде өткізгіңіз келмесе, аурудың алғашқы белгілері білінісімен дәрігерге жүгіріңіз. Және шаршағаныңызды сезсеңіз, уақтылы демалыңыз. Уайымдауды да қойыңыз, «сабақты ине – сәтімен» деген.

Күзде жеке өміріңізде бір жаңалықтар болып қалуы мүмкін. «Қызметтестер хикаясы» басталуы да ғажап емес. Ал отбасылы Тышқандар шетте көңіл көтеруді ойға алмағаны жөн, әйтпесе шаңырағы шайқалары анық.

Жылдың соңына қарай бәрі орын-орнына келіп, қаржылық жағдайыңыз жақсарады. Бар дертіңізден толық айығып, отбасында да мамыражай тыныштық орнайды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.