Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыны

ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫ ОРНЫНДА ЭКОПАРК ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Шымкент қаласы, Достық шағынауданындағы бұрынғы қоқыс полигонының аумағында Экопарк құрылысы басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасымен мұнда ауданы 45 гектар жасыл аймақ құрылады, оның 38,6 гектары көгалдандыруға бөлінеді. Құрылысқа табиғи материалдар пайдаланылады. Табиғи ландшафтқа сәйкес келетін велосипед жолдары салынады. Ал көмірқышқыл газын шығаратын құбырлар қолайлы етіп жүргізіледі.
Экопарк ойын алаңдарынан спорт нысандарына дейін 9 ашық демалыс аймағы ұсынылады. 10 шақырымдық серуендеу жолында 4000-нан астам жапырақты ағаштар отырғызылып, табиғи оазис атмосферасы құрылады. Қалдықтардың үстіне органикалық тыңайтқыштармен байытылған қалыңдығы 1,5 метр топырақ қабаты салынады.
Жоба инвестициясы 5 млрд теңгені құрады, бас демеушісі-Hexo Foundation. Құрылыстың аяқталуы 2025 жылдың соңына жоспарланған, барлық жұмыстар тек бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүргізіледі. Осы жылдың көктемінен бастап полигонда ауқымды дайындық жұмыстары жүргізілді: 250 000 текше метр топырақ төселді, тереңдігі 120 метр бес ұңғыма бұрғыланды, жоспарланған 3000-нан 500 метр қоршау орнатылды.
Журналистермен кездесуде саябақтың атауы таңдалып, қала әкімі тарапынан қолдау тапты.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА ҚАДАМ БАСАМЫЗ

admin

ТҮРКІСТАН: КОРОНАВИРУСТЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДӘРІГЕРЛЕРІ ЖАҢА ТУҒАН НӘРЕСТЕГЕ КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАДЫ

admin