Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Спорт

Қазақстандық шаңғышылар Украинада өткен сайыста жүлделі орындардың барлығын иеленді

Украинадағы Тысовец қаласында Халықаралық шаңғы федерациясының қамқорлығымен шаңғы жарысы басталды. Жарыстың алғашқы күнінде жүлделі орындардың барлығы қазақстандық спортшыларға бұйырды, деп хабарлайды ҚР Шаңғы спорты федерациясының баспасөз қызметіне сілтеп Stan.kz.

Қазақстан ұлттық құрамасының құрамында ерлер және әйелдер тобынан 13, балалар құрамасынан 8 спортшы қатысуда.

Жарыстың алғашқы күні, 12 қаңтарда,  әйелдер арасыснда 10 километр, ерлер арасында 15 километр қашықтықта еркін жүріс бойынша жарыс өтті. Ерлер тобында жүлделі үш орынның барлығын қазақстандық спортшылар иеленді. Бірінші орынды Виталий Пухкало иеленсе, Олжас Климин екінші орын, ал Денис Волотка үшінші орын алды. Ақмолалық Николай Чеботько төртінші орынға жайғасты.

Ал әйелдер арасында Щучинск қаласының спортшысы Тюленева Валерия бірінші орынға ие болды. Екінші орынды украиналық Марина Анцыбор иеленсе, павлодарлық Анна Шевченко жүлделі үшінші орыннан көрінді.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЛЕҢГІРДЕ СУ СПОРТЫ ТҮРЛЕРІНЕН ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

admin

Бейбіттің бокстан кеткеніне қатты таңғалдым — Қанат Ислам

admin

ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫ ЕУРОПА ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

admin