ШЫМКЕНТТІҢ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫН ЖЕДЕЛДЕТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕЗДЕСУ
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Дәулет Бекманов арасында өткен кездесуде Шымкент қаласының цифрлық трансформациясы және заманауи IT-шешімдерді қалалық инфрақұрылымға енгізу мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында «Smart Data Ukimet», «eOtinish AI», «QazTech» платформасы, жасанды интеллект негізіндегі құқықтық сараптама, сондай-ақ бейнебақылау жүйелерін біріктіру жобалары қаралды. Аталған бастамалар басқару процестерін деректерге негізделген жедел шешімдермен қамтамасыз етуге, тұрғындардың өтініштерін өңдеу механизмін автоматтандыруға және мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын арттыруға бағытталған.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-пен әріптестік Шымкенттің цифрлық экожүйесін дамытуға және қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға тың серпін береді.