Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Билік және халық

ОҚО әкімі тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады. Қабылдауға түрлі түйіткілдерімен 10 азамат келді. Өңір басшысына арыз-шағымдарын тікелей бетпе-бет жеткізуге мүмкіндік алған азаматтардың басым бөлігі баспана мен жер телімдеріне қатысты мәселелерін ортаға салды.

Тұрғындарды тыңдаған өңір басшысы, тіркелген мәселелерді қысқа мерзімде шешуді сала мамандарына тапсырып, істің соңына дейін жетуін өзі қадағалауға алатынын айтты.

«Тұрғындарды алаңдататын мәселенің көпшілігі жер, баспана, инфрақұрлым мәселелеріне қатысты екенін жақсы білемін. Сондықтан да осы салалар ерекше қадағалап, қиындықтарды шешуге барынша жұмыс жасап жатырмыз. Сіздердің сауалдарыңызды тиісті аудан әкімдерімен, сала басшыларына тапсырдым. Бұл жұмыстарды толықтай оң шешілуін жеке өзім қадағалауға алатын боламын», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

Шара барысында өңіріміздің мәдениет саласына да қатысты бірнеше мәселе көтерілді. Облыс әкімі басқарма басшысына заң аясында тиісті шара қолданып, азаматтардың сауалын оңтайлы жауап беруін тапсырды.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ АРЫЗ-ШАҒЫМЫ НЕГІЗІНДЕ СОЗАҚ АУДАНЫНА ҚАРАСТЫ ЖОЛДАРДЫҢ САПАСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

admin

ТӨЛЕБИДЕ 4 КӨПІР МЕН 100 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ

admin

ТҮРКІСТАНДА «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ МҮШЕЛЕРІНІҢ САНЫ АРТТЫ

admin