Қазығұртта Кемеқалған нысанының қазығы қағылды

 Оңтүстікқазақстандықтар Ұлыстың ұлы күні — әз Наурыз мерекесін ерекше атап өтті. Алдымен Қазығұрт тауының баурайындағы қасиетті шыңдағы Кемеқалған нысанының қазығы қағылды. Алдағы уақытта төменнен Кемеқалған нысанына апаратын жалпы ұзындығы 3,1 шақырымдық канат жолы мен 4 шақырымдық жаяу жүргіншілер жолының құрылысы жүргізілетін болады. Сондай-ақ, ұлттық ат спорты ойындарын өткізетін 20 гектар аумақта атшабар құрылысы жоспарланып отыр.

«Наурыз — Қазығұрттан басталады» атты Наурыз тойы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы ауқымды іс-шаралардың бірі де, бірегейі болды. Алдағы уақытта Қазығұрт тауын заман талабына сай ірі туристік орталық ретінде қалыптастыру міндеті тұр. Осыған орай Қазығұртта арнайы кешен жасауды жобалап отырмыз. Кеме Қазығұрттың биігіне орнатылмақ.  Ұзындығы 137 метр, ені 30, ал биіктігі 15 метр үш қабатты болмақ. Музей, қонақ үй, мейрамхана, көру алаңдарының құрылысын салу қарастырылады.  Екі шақырым көлік жолы мен жаяу жүргіншілер жолы салынып, жан-жақты абаттандыру, тынығу, демалыс алаңдарын жасау жұмыстары бар», — деді Жансейіт Түймебаев. 

Осылайша облыс басшысы бастаған өңір азаматтары тарихи нысанның қазығын қақты. Жергілікті жұртты қуанышты жайтпен құттықтады.

Сонымен қатар, облыс әкімі биылғы жылы қолға алынатын ауқымды мәдени шараларды да атап өтті. Атап айтқанда, «Ұлтық қолөнер – ұлы мұра», «Туған жерге тағзым: Ордабасы көктемі» жастар форумы, «Ақсу-Жабағылының алауы, Шұбайқызылдың жалауы» қызғалдақ фестивалі, «Қымызмұрындық», «Қауынфэст», «Сафари Шардара» және тағы басқа да іс-шаралар өткізу жоспарлануда.       

 

                                                                                                                          ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.