Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Орнықты ой, орынды сөз

А.Әшімов: Адамның пейiлi өзгердi. Жаман жағына қарай-ау?

   Адамдардың пейілі, мінез-құлқы қалай өзгеріп бара жатыр, табиғат та соған лайықталды. Қар жаумайтын кезде қар, жаңбыр жаумайтын уақытта, жаңбыр жауады.  Осының барлығын ойлаймын да таңқаламын. Адамның пейілі өзгерді. Жаман жағына қарай-ау? Адамгершілік жойыла бастады. Жылылық, пікірлестік, біреуге жақсылық тілеу, соның жұмысына жәрдемдесу деген  адамгершілік пейіл мол еді.  Сол молшылық азайып, табиғатымыз тарылып кетті ме  деп қорқамын. Мынау «доллар», ақша деген бәле көбейіп соның құлы болып кеттік пе деп қорқамын. Ақша адамды аздырады. Сол үшін бірін-бірі өлтіруге дейін барады. Жауыздыққа қарай тәрбиелейді.

   Имандылық жүректен басталуы керек. Жастарға тәрбие беру кемшін. Ұлтты ойлайды деген министрліктердің саны көп, сапасы жоқ. Қаптаған қызметкер. Түк бітірмейді. Қағаз тасу үшін ақша алатын  шабармандарына дейін бар. Бірдің жұмысын оны жабылып атқарады. Қырт тірлік. Олардан үлгі көрген жастар оңады ма?

auezov-theatre.kz

Ұқсас жаңалықтар

Бекжан Тұрыс Біз руханиятсыздың дертінен халықты аман сақтап қалуымыз керек

admin

Мұрат Бақтиярұлы, Сенат депутаты: Бұл «сан бар да, сапа жеткіліксіз» деген сөз

admin

И.СМИРНОВА, Мәжіліс депутаты: Тәрбиеге баса мән беретiн уақыт келдi

admin