Шпекбаев азаматтарға 240 мың теңгені не үшін береді?
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев азаматтарды сыбайлас жемқорлықпен бірге күресуге шақырды.
«Азаматтық саналылық – бос сөздер емес. Әрбір қазақстандық өз ойында сыбайлас жемқорлықты жеңе білгенде, әрқайсысымыз оған бүгін және болашақта орын жоқ деп айтқанда, ең бастысы, әрбір азамат осы жерде және осы уақытта әрекет жасаған кезде ғана елімізде бұл құбылысты жеңетінімізге сенемін» — деп жазды агеттік басшысы Facebook-тегі парақшасында. Сыбайлас жемқорлық әрекетіне — параны қорқытып алу немесе ұсыну, бюджет қаражатын ұрлау жоспары, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану жағдайларын жатқызған. Аталған жағдайлардың куәгері болған жағдайда 1424 call-центр нөмірі-не хабарласуға немесе alik.shpekbaev@gmail.com жеке пошта мекен-жайына хат жолдауға шақырған.
Сонымен қатар, бірде бір өтініштің қараусыз қалмайтындығына кепілдік бере отырып, ақпаратпен бөліскен азаматтар құпиялылық және құқықтық қорғаумен қамтамасыз етілетінін атап өткен.
Сөз соңында, А.Шпекбаев ақпарат расталған және сотта айыптау үкімі болған жағдайда, өтініш иесі 240 мың теңгеге дейін ақша қаражатын ала алады деп хабарлайды.