Б.ТІЛЕУХАН,Мәжіліс депутаты: … бiрақ соны атқаратын мамандар жоқ
Кез-келген жаманшылықтың түбінде жататын нәрсе–тәкаппарлық. «Мен сенен артықпын» деген дүниеден жаман нәрсе жоқ. Ешкім ешкімнен артық та, кем де емес. Қазақта тост кезегінде дау болатынында, осы «мен анадан артық едім» деген жатыр.
Айтайын дегенім, мақтанып кету емес. Білімге, ілімге тіреліп қалған заманда дамуға талпыну керек. Билік жақта болдық қой, шет жағасын білеміз. Қаражат көп бөлінеді, бірақ соны атқаратын мамандар жоқ. Қазір Қазақстанға рухани диверсия, әдейі жасалып жатқан саясат. «Келін», «Шал». Өтірік мақтап жатыр. Әр жағында қазақтың төбесінен боқ құю деген мәселелер жатыр. Шын кино ол–қазақтың тарихын көрсететін дүниелер. Абстракцияның ар жағында еркін ойлау дейді. Қайдағы еркін ойлау, ұлтыңды масқаралап жатса.
Massaget.kz