Шырайлы қалада соңғы кездері көптеген мәдени орындар, саябақтар мен демалыс орындары ашылып, халық игілігіне берілді.

Бүгін қаламыз жаңа аквапаркпен толықты. Еуропалық стандартқа сай, таза экологиялық аквапарктің жалпы жер көлемі 2 гектарды құрайды.

Ойын сауық су кешенінің аумағы екіге бөлінген: үлкендерге арналған және балаларға арналған. Онда биіктен сырғанайтын 8 төбешік орналасқан. Оның 2-еуі биіктігі 22 метрді құрайтын еліміздегі ең биік төбешік болса, ТМД елдері арасында ең ұзын төбешік те осында бой көтерген. Жалпы аквапаркте 3 бассейн бар. Мұнда жасанды толқын және бассейін суын жылытуға арналған құрылғылар орнатылған.

«FONTAN» аквапаркі Орта Азиядағы ең үлкен балалар ойын су қалашығы болып есептеледі. Ол бір мезгілде 2000-нан астам адамға қызмет көрсете алады. Аквапарк 200-ге жуық адам жұмыспен қамтылған. Балаларға түрлі анимация да қарастырылған.

Балалардың жазғы каникулға шыққан сәтінде құрылысы аяқталған аквапаркте бір мезетте мыңға жуық адам тыныға алады.

Шара барысында балаларға арналған ойын-сауық бағдарлама мен ұтыс ойындары ұйымдастырылды. Кеш соңы Қазақстанның эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты.
