Аптаға арналған жұлдыз-жорамал

Тоқты

Дүйсенбі күні маңызды бір істің нәтижесін аласыз. Сейсенбі күні жүрегіңізге абай болыңыз. Көпшіліктің алдында сөйлемеңіз. Сәрсенбі күні қонақ күтесіз. Бейсенбіде жолға шықпаңыз. Шығармашылық адамдары үшін табысты апта.

Торпақ

Апта басында әлдебір жоспарларыңыз кейінге шегеріледі. Сәрсенбі күні қомақты ақша түседі, не қуанышты хабар аласыз. Бейсенбіде жұмыста бір қиындық туындайды. Демалыс күндері қонаққа барасыз не қонақ күтесіз.

Егіздер

Дүйсенбіде несие алуыңызға болады. Сейсенбіде жоспардыі іске асуы қиынға түседі. Жұма күні үмітіңіз ақталады не жұмысыңыз алға басады. Демалыс күндері бір кедергіні жеңіп, қаржылық жағдайыңыз біршама жақсарады.

Шаян

Апта басында отбасылық мәселелерге біраз күш пен қаражат жұмсауға тура келеді. Сәрсенбіде біраз шаруаны реттейсіз. Бейсенбіде жарақат алу қаупі бар. Жұма күні барлық төлемдер мен қарыздардан құтылғаныңыз дұрыс.

Арыстан

Апта басында жұмысқа қатысты бір жайсыз жағдай орын алуы мүмкін. Бірақ, апта ортасында бәрі реттеліп, күткен ақша әмияныңызға түседі. Бесенбі күні балаларды назардан тыс қалдырмаңыз. Демалыста табиғат аясы күтіп тұр.

Бикеш

Дүйсенбіде қоныс аударасыз не әлдебір арманыңыз орындалады. Сейсенбі күні ескі дертіңіз қайта асқынуы мүмкін. Туыстарыңызға көмегіңіз қажет болады. Жұма күні біраз шығындаласыз. Үйдің шаруаларын да ұмытпаңыз.

Таразы

Апта басында жылжымайтын мүлік сатып алуыңыз мүмкін. Сейсенбіде тәуекелге бас тікпеңіз, табыс болмайды. Ал сәрсенбі – сәтті күн. Жұма күні лайықты марапатқа ие боласыз. Демалыста тиімді іскерлік ұсыныс түседі.

Сарышаян

Алыс сапардағы Сарышаяндар дүйсенбіде үйіне оралады. Сейсенбі күні көк тиынсыз қалуыңыз мүмкін. Есесіне бейсенбіде қалағаныңызша ақша табасыз. Сенбіде дүкен аралап, қонақ күтесіз. Демалыста күннің астында көп жүрмеңіз.

Мерген

Апта басында ескі қарыздарыңызды қайтаруға тура келеді. Сейсенбіде дау-дамайдан аулақ жүріңіз. Сәрсенбі күні жұмыста бір қиындық бар. Жұма күні бәрі реттеледі. Демалыс күндері отбасының қажетіне біраз ақша жұмсайсыз.

Тауешкі

Дүйсенбі күні ғашық жұптар айырылысып, жалғызбастылар, керісінше, өз жартысын табады. Сейсенбіде отбасы мен бизнес біраз салымды қажет етеді. Жұма күні тойға барасыз. Түстен кейін өрт шығу қаупі бар, абай болыңыз.

Суқұйғыш

Апта басында әлдебір құпия жария болады. Сейсенбіде құжатқа қатысты мәселелер сәтті шешіледі. Бейсенбі күні еңбекпен келген мүлкіңізді қорғауға тура келеді. Демалыс күндері денсаулықтан маңызды ештеңе болмауы тиіс.

Балық

Сүйген ісіңіз үлкен табыс әкеледі. Банк карточкаларына абай болыңыз. Алыс жолдан бас тартыңыз. Сәрсенбіде үйде қуанышты жаңалықтар күтіп тұр. Жұма күні денсаулығыңызға қатысты мәселе ақшаның күшімен шешіледі.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.