Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБас мақалаРуханият

Бабамыздың мұңысың сен, домбыра!

«Бабамыздың мұңысың сен, домбыра,
Анамыздың сырысың сен, домбыра.
Қазағымның жүрегінен жаралған,
Даламыздың үнісің сен, домбыра!», — деп ұлы ақын ағаларымыз жырларына арқау еткен «Ұлттық домбыра күні» бүгін. Домбыра – қазағымның қазынасы. Жуырда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев  Ұлттық домбыра күні туралы Жарлыққа қол қойды. Бабамыздан қалған асыл мұраны,  қазағымның қара домбырасын дәріптеудің орны ерекше. Бүгін республиканың түкпір-түкпірінде домбыра күні кеңінен аталып өтуде.

Осы орайда, Шымкент қаласында мерекелік салтанатты іс-шара өтті. Шараға  қала тұрғындары, әкімдік қызметкерлері мен БАҚ өкілері қатысты. Күннің ыстығына қарамай, дендросаябаққа жиналған тұрғындардың қарасы қалың.

Көрермендер домбырашылардың флеш-мобын тамашалап, бір мезетте мыңға жуық өнерпаздың орындауындағы қазақтың күйін тамашалады. Бұдан кейін тұрғындарға қазақы нақыштағы көрме мен домбыра жасаудың шеберлік сағаты ұсынылды.

Бұл күні қаладағы өзге де саябақтар мен мәдени орындарда мерекелік шаралар өткізілсе, қоғамдық көліктерде қазақтың қоңыр күйі мен термесі орындалды.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕКТЕ ЖЫЛЫНА 70 МЛН. КІРПІШ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ САЛЫНАДЫ

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ КАРАНТИНДІК СТАЦИОНАРЛАРДА ТӨСЕК-ОРЫНДАР САНЫ КӨБЕЙДІ

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ҚОЛАРБАҒА ОТЫРЫП, ҚАЛАДАҒЫ ПАНДУСТАРДЫ ТЕКСЕРДІ

admin