Бекболат ТІЛЕУХАН, Мәжіліс депутаты:…әрекетсіздігі жайлы шағымдары да жиі айтылуда

Елімізде, оның ішінде, әсіресе, Алматы қаласында көлік және көлік бөлшектерінің ұрлығы күшейіп кеткені көптен бері айтылып жүр. Кешелі-бері әлеуметтік желіде де өз көліктерінің айнасы қалай қолды болғанын жазып жатқан азаматтардың қарасы көп. Көлік иелері тарапынан жергілікті полиция қызметкерлерінің әрекетсіздігі жайлы шағымдары да жиі айтылуда. Бәлкім, тәртіп сақшылары көлік айнасын іздеуге тұрмайтын ұсақ-түйек деп санайтын шығар,бірақ сол «ұсақ-түйек» қылмыстың дер кезінде құрықталмауының қандай өкінішті жағдайға апарып соққанына куә болып отырмыз.

elana.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.