Сәкен СЫБАНБАЙ, журналист: Мұнда бәрі сатылады…
Қазақстан — әлі де әміршіл, әкімшіл, бар сияқты ел. Әлдінің әлсізге «әлімжеттік» жасауы, сонысы үшін қылшығы да қисаймауы – бізде қалыпты жағдай. Өйткені, рэкеттің көкесі қайда отырғанын бәрі біледі. Мұнда бәрі сатылады, бәрінен «шапка» алынады, «үлес» қымқырылады… Тіпті Олимпиада, Әлем, Азия чемпиондарымен жүлдегерлерінен де…
Бір ағам айтты: «Әй, байғұс баладан да сондай «доля» талап еткен шығар…»
Ойыма келмеген екен. Расында да, солай болуы мүмкін-ау, ә?
Фейсбук