Әлімхан ӘБЖАНОВ, полоковник: Заңды қатаңдату керек
Бүгін жағдай неге күрт өзгеріп кетті? Ол, әрине заңның осалдығы. 1998 жылы Қазақстанның алғашқы Қылмыстық кодексі мен Қылмыстық-процесуалды кодексінде көптеген гуманизацияға жол берілді. Жоғарыда отырған азаматтар қамалып жатқандардың санын азайтсақ, қылмыс азайып, халық өзінен-өзі тәрбиеленіп кетеді деп ойлады. Үй тонаушы қарақшылар қылмысы қазір өте ауыр қылмысқа жатпайды да, қылмыс үстінде кісі өлтіруге бейім қанішерлер қамауға алынбай қала береді.
Заңды қатаңдату керек. Полицияға алып келген адамды үш сағаттың ішінде қылмысын анықтап, егер дәлел болмаса босату керек бізде. Үш сағатта не үлгереді анықтап полицей?.. Бұл жағына да мән беру керек.
qazaquni.kz