Исламғали ҮРКІМБАЙҰЛЫ, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі: Әзірге алақанымыз да, артымыз да ашық…
Ата-бабамыз ғасырлар бойы қанын төгіп бізге қалдырған атамекенімізге енді өзіміз «жат болдық». Тапқан-таянғанымызды солардың аузына тосып, пәтер жалдап күн кешудеміз. Қожайынға жалтақ, жанымыз салтақ болып өсудеміз. Үлкен қалалардағы қазақтардың басым көпшілігі, әсіресе, жастарымыз осындай халде. Өз үйің, өз жәйің, өз төрің болмаған жерде күнің үшін амалсыз жалтақтаумен боласың. «Мемлекет — қазақтікі, үй – өзге ұлттікі, базар — басқанікі, жер — біздікі» деген келімсектерге не айтарымызды білмей жерге қараймыз. Сонда да өзгелерге еліктеп-солықтауды қоймаймыз.
Әзірге алақанымыз да, артымыз да ашық.
Abai.kz