Балғынбек ИМАШЕВ, ақын: … рухани әлемнің алдына шыға алмаймыз.

Мынадай тәмсіл бар ғой: балаңды тәрбиелеп әуре болма, ең алдымен, өзіңді тәрбиеле деген. Біз жаралғалы Алла Тағаланың бізге қойған мақсаты, діннің бекітіп берген шарттары, мақсаты бір-ақ нәрсе – адамның өзін-өзі тәрбиелеуі. Сондықтан біз біреуді тәрбиелемей-ақ әрқайсымымыз өзімізді тәрбиелесек, қызымыз да, ұлымыз да бізге қарап өседі. Қазақта «Әке көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер», «анаға қарап қыз өсер, әкеге қарап ұл өсер» деген мақал бар ғой. Бірақ қазір бізде әкесі жоқ орта, ажырасқан отбасылар көбейіп кетті. Олардың балалары қай әкеге қарап бой түзейді? Біз баяғы дәстүрімізге, салтымызға оралмайынша, экономикалық жағынан қанша дамысақ та,  рухани әлемнің алдына шыға алмаймыз.

qazaquni.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.