Нұртөре ЖҮСІП: Ал біз бәрін бұзып жатырмыз…
«Араша түсу» – дауласқан, жанжалдасқан адамдарға басу айтып ажырату, сабасына түсіру. Бұрындары мұндай жанжалда ауылдың, елдің абыройлы абызы от шыққалы тұрған ортаға барып, ағайынға араша түскен. Қазір ағайынға араша түсер адамды таппайсыз…
«Құдалық белгісі – киіт, қоныс белгісі – бейіт», «Қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз қыз болмайды» деген сөздер арагідік айтылатын болды. Тіпті есік-төр көрсету деген дәстүр мүлдем бұзылды. Қазір қыз берген жақ құда шақырылмай-ақ құдаларын төрге шығаратын болды. Құдалық кафеде өтетін болды. Құдасының үйін көрмегендер де жүр…
«Салт-дәстүрін ел бұзбас, уәде-сертін ер бұзбас», «Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа», «Ант бұзған оңбайды, салт бұзған сорлайды», «Саналы ел салтын сақтар» депті қазақ. Ал біз бәрін бұзып жатырмыз…
aikyn.kz