Теріс пиғылды жат ағымдардың зардабы түсіндірілді

Дін – мемлекеттің негізін құраушы ең маңызды факторлардың бірі болғандықтан, ішкі тұрақтылықтың да кепілі. Еліміздегі ортақ ауызбіршілік, елжандылық, адамды сүю, бейбітшілік пен тыныштық – дәстүрлі діндердің бас­ты ұстанымы, ал ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіретін жат ағымдардан бойымызды аулақ ұстап, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелегеннен ұтылмасымыз анық.

Сайрам ауданының Қайнарбұлақ ауыл округі елді мекендеріндегі ауыл тұрғындарымен кездескен теолог мамандар көпшілікке кереғар діни ағымдардан сақтану жолдарын түсіндіріп, дәстүрлі діннің ерекшеліктерін жеткізді.

«Теріс пиғылды жат ағымдардың зардабы», «Исламдағы Әбу Ханифа мәзһабының орны» тақырыбында өткен кездесуде дінтанушы маманы А.Тажибаев ауыл тұрғындарының сұрақтарына кең көлемде жауап берді. Сондай-ақ, теріс пиғылды жат ағымдардың жетегінде кетпеу үшін олардан сақтанудың мүмкіндіктерін көңілге қонымды етіп жеткізе білді. Исламдағы Әбу Ханифа мәзһабының орнын жанжақты талдап көрсетті.Ислам дініндегі кереғар діни ағымдардың сақтану жолдарымен бірге, сол ағымды ұстанушылардың мінез-құлқы, ұстанған қағидалары туралы жастарға жан-жақты түсіндірулер жасалынды.

Бұл кездесуге жиналғандардың арасынан дін мамандарына өздерін мазалап жүрген сауалдарын қойып, тиісті жауаптарын алғандар аз болған жоқ.

Қазіргі таңда дәстүрден тыс діни ағымдардың қоғамды іштен ірітіп жатқандығы туралы жиі айтылуда. Алайда, жастар жат пиғылды ұйымдардың өз жұмысын жүргізуде нақты қандай әрекеттерге баратындығынан бейхабар. Радикалды топтардың мақсаты–адамдарды мешіттен алыстату. Олардың осы ойына балта шабу үшін жастарымыз өздерін мазалаған мәселе бойынша мешіттегі имамдардан үнемі кеңес алып және ниет еткен бес парызға бекем болуға қалыптасуы керек-ақ.

Жуырда теолог маман А.Тажибаев Сайрам ауданы орталығы Ақсукент ауыл округінің тұрғындарымен кездесіп, кереғар діни ағымдардың қоғамға келтіріп жатқан зиянды әрекеттерінен хабардар ететін мағұлматтар берді. Онда «Исламдағы Ханафи мәзһабының орны» және «Салафизим мен Таблиғи жамағат» тақырыбын талдап, ойға қонарлық етіп берді. Мәзһаб ұстанудың жолдарын, дәстүрлі ислам дінінің құндылықтарын насихаттап, теріс діни ағымдардың әрекетінен сақтанудың жолдарын кеңінен түсіндірді. Бізді кереғар діни ағымдардан қорғайтын құрал–Құран және пайғамбарымыздың сүннеті екендігін мазмұнды етіп жеткізді. Кездесуге жиналған аудан тұрғындары көптеген тың ақпараттар алып, діни ахуалға қатысты мәселелерден хабардар болды.

Әлеуметтік желіде немесе көшеде діни теріс ағымды ұстанушылармен танысудың ақыры адасушылыққа апарып соғатыны баршаға аян. Сондықтан, көпшілік мемлекеттік сараптамадан өткен кітап, журналдарды ғана пайдалануы керек-ақ. Бұл тұрғыда да Елбасымыз өз Жолдауында: «Діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе интернет пен әлеуметтік желіде оның жолын кесу жұмысын жүргізу керек.  Қоғамда, әсіресе, діни қарым-қатынас саласындағы радикалды көзқарасқа байланысты кез келген әрекетке «мүлде төзбеушілікті» қалыптастыруы керек», – деп айрықша атап өткен болатын.

Сайрам ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында жұмыс істейтін қызметкерлермен ауқымды кездесу іс-шарасы ұйымдастырылды. Жиынға мекеме қызметкерлері толық қатысты.Осы іс-шарада ҚР ҰҚК облыс бойынша департаменті Сайрам аудандық бөлімінің жедел уәкіл, аға лейтенант Ж.Өмірбекұлы, Манкент ауыл округі «Жалал баба» мешітінің бас имамы М.Хайметов, облыстық дін істері басқармасының теолог маманы А.Тажибаев, облыстық діни істер басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу» орталығының теолог маманы Ж.Битанов қатысып, мазмұнды жұмыстар жүргізе білді. Өз сөзінде: «Қауіпсіздіктің бірнеше түрі бар: эко­номикалық, әлеуметтік, байланыс, әуе қауіпсіздігі деген сияқты, сондықтан сіздер Сайрам ауданы бойынша кез келген тұрғындарды, басқа да мемлекеттік мекемелермен байланысты қамтамасыз етесіздер. Соның барысында бірнеше адамдармен байланысқа түсесіздер. Әркімнің психологиясы әртүрлі, әр үйдің әлеуметтік жағдайы әртүрлі, Сондықтан қазіргі таңда тек ҚР емес,әлем бойынша ең актуалды мәселе болып тұрған – «кері ағымдар». Кері ағым­дағылар кімдер: дәстүрлі емес кері ағымдағы иегова куәгерлері, сонымен қатар қысқа балақ, сақал өсірген, шапан киіп жүретін таблихтар бар, солар бойынша жалпы түсіндірме жүргізу және түсіндіру біздің мақсатымыз», – деп айтып өтті Ж.Өмірбекұлы .

Жастарды жат ағымның жетегіне еруден аман алып қалу үшін халықтың діни танымының қалыптасуына жағдай жасауымыз қажет. Діни радикализмге қарсы тұратын иммунитет қалыптастыру үшін ең алдымен отандастарымыз дұрыс діни мәлімет пен білім алуы тиіс. Себебі діни сауатты адам адаспайды. Еліміздегі діни ахуалды реттеуді одан әрі жетілдіру үшін бұл бағытта мешіт имамдары да көптеген игілікті істерді жүзеге асырып келеді. Мешіттерде игілікті істерді атқарған, мешітте діни сауатты ашқан өте тиімді. Себебі, мешітке қарапайым халық көп келеді. Олардың діни сауаты болмағандықтан, теріс діни ағымға еріп кету қаупі басым болып тұрады. Сондықтан да, оларды үнемі игі жолға бағыттап отырған жөн-ақ.

К.ТІЛЕПОВА.

Фото интернет желісінен алынды.

«Қазақстан жолы» газеті, №29 (674) 04.08.2018 жыл.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.