М.БҰЛҰТАЙ, дінтанушы: Бұл пендешiлiкке жатады

Бізде қазір бұл мәселе шектен шығып кетті. Кім көрінгеннің ойына келген атаулары қойыла бастады. Кез-келген адам – пенде. Есімі мешітке берілген адамға наразы болып жүргендердің пікірін қайда қоямыз?!

Қазір мешіттерге ұлттардың атауын беретіндер де бар. Мысалы, татар мешіті, ұйғыр, дүнген мешіті деген сияқты. Бұл да үлкен қателік дер едім. Қысқасы, діни түсінікті тұрмыстық мәселеге айналдырып жіберуде. Бұл пендешілікке жатады.

Дін істері агенттігі тарапынан мешіттерге Алланың 99 есімін беруге болады деген пікір айтылды. Меніңше, бұл дұрыс. Кейбір адамдар атасының атын беру үшін ғана мешіт салады. Қарапайым тілмен айтқанда, жарнама. Мұндай ниетті адамдарға мұның дұрыс емес екенін алдын-ала ескертіп, уағыз, насихат айту керек. Ал егер келіспесе, онда оның әу бастағы ниетінің өзі дұрыс болмағаны. Ондай мешіт тұрғызғаннан тұрғызбай-ақ қойғаны жақсы.

«АА»

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.