Езутартар
– Сенің ар-ұятың бар ма?
– Әрине! Мен оны бір рет қолданған емеспін!
* * *
Психиатрдың қабылдауында.
– Айтыңызшы, науқас, сізде бір дауыстар естіліп тұрғандай, бірақ ол дауыстардың қайдан шығып жатқанын білмей дал болатын кездер бола ма?
– Болады және өте жиі.
– Ауыр жағдай. Оны қашан байқадыңыз?
– Телефонмен сөйлесіп тұрғанда.
* * *
Күйеуі үйіне таң ата келеді. Әйелі:
– Қайда болдың?
– Досымның үйінде.
Әйелі 10 досына қоңырау шалып, күйеуін сұрайды. 6-уы оның өз үйінде түнегенін, ал 4-еуі әлі ұйықтап жатқанын айтады…
* * *
– Стоматологқа барып, тісімді емдеттім. Енді бір аптадан бері дұрыстап тамақ іше алмай жүрмін.
– Неге? Ауыра ма?
– Ақша жоқ…