А.ПЕРУАШЕВ, Мәжіліс депутаты: Президент айтқандай спорт залдарын неге тегiн етпеске?
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында әлеуметтік инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз етуді, 100 спорт кешенін ашуды және жаңа спорт ғимараттарында мектеп оқушыларының спортпен тегін шұғылдануын қолға алуды тапсырды. Неліктен Заң жобасында бұл нормалар жоқ?
Мемлекеттік қаражатқа салынған кешендердің жеке меншік иелеріне беріліп, кейін олар жаттығулар үшін 5 мың теңгеден басталатын, қарапайым халық үшін қолжетімсіз бағаларды белгілейтіні белгілі.
Сайып келгенде, бұл нысандар сол балалардың ата-аналары төлеген салықтарының есебінен салынады. Неліктен олардан ақша талап етіп, есіктерін тарс бекітеді? Бұл жерде бұқаралық спорт немесе қолжетімді спорт залдары туралы қандай сөз болуы мүмкін? Содан кейін барып әр жерден шетелдік легионерлерді шақырамыз.
Президент айтқандай спорт залдарын неге тегін етпеске? Чемпиондарымызды өзіміз дайындап шығарайық.
qazaquni.kz