А.ШПЕКБАЕВ, ҚР МҚІ ж СЖҚІҚ агенттігінің төрағасы: Бұл ендi даңғойлық жәрмеңкесi емей, немене!?

Сән-салтанаты келіскен ауқымды тойлардың бейнебаяны әлеуметтік желіде жиі жарияланады. Зал іші толған гүл. Шоу-бизнес жұлдыздары. Және бұл тұтас бір үрдіске айналды. Осындай бейнероликтер желіге тарайды және жұртшылықты «Ақшаны қайдан алды?» деген орынды сұрақ мазалайды. Қатардағы мемлекеттік қызметшілер де басшыларынан қалмай, мерекені әлі жеткенше дүркіретіп өткізуге тырысады. Бұл енді даңғойлық жәрмеңкесі емей, немене!?

Кейбір мемлекеттік қызметшілер үшін балаларының үйлену тойын немесе өзінің мерейтойын ұлан-асыр тоймен атап өту әдетке айналды. Қарапайым әрі кішіпейіл болуымыз керек!

ult.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.