ФРАНЦИЯЛЫҚТАР ТҮРКІСТАНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАРЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ БІЛДІРДІ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ербол Тасжүреков Францияның Алматы қаласындағы Бас консулы Алексис Шахтахтинскиймен кездесті. Басқосуда тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыс пен инвестициялық ынтамақтастықты арттыру жайын талқылады.

Кездесуде облыс әкімінің орынбасары қонақтарды өңірдің экономикалық әлеуетімен таныстырып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырды.


«Біздің облыста инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға мейлінше жағдай жасалған. Сондай-ақ, 2 млн. тұрғыны бар Түркістан өңірі Қазақстандағы халқы ең тығыз орналасқан облысқа жатады. Мұндағы ауыл шаруашылық саласы аймақтық экономиканың драйверіне айналған деп айтуға болады. Атап айтсақ, жылына 1 млн. тонна бақша өнімдері жиналады. Респуликадағы жылыжайлардың 90 пайыз үлесі біздің облысқа тиесілі. Еледегі мақтаның 100 пайызы бізде өсіріледі. Одан бөлек, туризм саласын дамытуға мол мүмкіндіктер бар. Міне, осы бағыттар бойынша ортақ жобаларды іске асыруға шақырамыз», — деді Е.Тасжүреков.


Өз кезегінде Алексис Шахтахтинский айтылған ұсыныстарды қабыл алып, алдағы уақытта бірқатар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бағытында тиісті жұмыстар атқарылатынын айтты.

Айта кетейік, Қазақстан мен Франция арасындағы дипломатиялық қарым — қатынас ең алғаш 1992 жылы орнаған. Нәтижесінде қос елде екі жақтың елшілігі ашылып, экономикалық байланыс нығая түсті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналым 3,11 млрд. АҚШ долларын құраған.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.