Б.ДҮЙСЕНБИНОВ, Мәжіліс депутаты: Ақпарат көздерiнде мұндай мәлiмет жоқ
Біздің ұғымда қос елдің азаматы болу деген түсінік мүлде жоқ және бұл ереже Ата заңымыздың 10-бабы 3-тармағында тайға таңба басқандай етіп жазылған. Әкімшілік құқық бұзушылық кодексте қос азаматтық үшін жауапкершілік қарастырылған. Ал мұндай заң бұзушылыққа мемлекеттік қызметкер баратын болса, жауапкершілік одан да қатаң.
Елімізде 2016 жылы 400-ден аса, 2017 жылы 600-ден аса, 2018 жылдың 10 айында 527 қос азаматтық фактілері анықталған. Солардың қаншасы мемлекеттік қызметте бар екенін ешкім білмейді. Ақпарат көздеріне де мұндай мәлімет жоқ.
АҚШ-та азаматтық алу үшін берілетін антта «Мен осы күнге дейін азамат болған кез келген мемлекетке адалдықтан мүлде бас тартамын. Қолыма қару алып, Құрама штаттар жағында шайқасамын» деген сөздер бар. Осындай сөзден кейін шетелдік азаматтығы бар адам қалайша елімізге қызмет етеді!? Мемлекеттік қызметте істеген тәжірибелі, заңды бес саусағындай білетін, қалтасында басқа елдің паспорты бар адам қай елдің сойылын соғатыны белгісіз.
Baq.kz