Езутартар

Бір бала шаштаразға кіреді. Осы кезде шаштаразшы шашын қырықтырып отырған кісінің құлағына:

– Мына бала – ақымақтың ақымағы. Қазір өзіңіз көресіз! — деп сыбырлайды. Сөйтеді де, бір қолына 100 теңгелік, екінші қолына 200 теңгелік ақша  алып, балаға:

– Таңда!-дейді. Бала 100 теңгелікті алады да, жөніне кетеді. Шаштаразшы:

– Көрдіңіз бе!-деп мәз болады.

Шашын қырықтырып шыққан әлгі кісі біраздан кейін балмұздақ жеп отырған бағанағы баланы көріп, одан:

– Балақай, сен неге 200 теңгелік емес, 100 теңгелік ақшаны алдың?- деп сұрайды. Сонда бала:

– Себебі, егер мен 200 теңгені алсам, ойын сонымен бітер еді де, мен күнделікті балмұздағымнан қағылар едім, — деген екен.

*    *   *

Профессор алдындағы студентке:

– Тарихтағы қандай ең ақылды адамды білесің?-деп сұрайды. Студент:

– Композитор Мендельсон.

– Неге?

– Ол миллиондаған ақымақтарды Неке сарайына сүйреген «Той маршын» жазып берді де, ал өзі өмір бойы тып-тыныш қана бойдақ болып өтті…

*    *   *

– Мерекеңізбен!

– Қандай?

– Мүгедектер күнімен!

– Құдай сақтасын! Менің он екі мүшем сап-сау!

– Сауы сау ғой, бірақ қарашы, сен жалғыз жалақыңа пәтер сатып ала аласың ба?

– Жоқ.

– Ал қалаған көлігіңді ше?

– Қайдан…

– Неге?

– Оған мүмкіндік жоқ қой.

– Көрдің бе, сен мүмкіндігі шектеулі жансың. Сондықтан, бүгін сенің де мерекең!

 

 

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.