Сорақылықтың соңғысы емес…

Күні кеше ғана Астана қалалық жастар мәслихатының VII шақырылымының депутаты Динагүл Тасова сән көрсетілімінде жалаңаш төсін көрсетіп, жұрттың жағасын ұстатты. Астаналық депутат әрі модель Данагүл Тасова «Fashion Night Astana» сән көрсетіліміне қатысты. Оның сән сахнасына ерекше көйлек киіп шыққан сәтінің суреттері желіде тарап кетті. Суреттерден депутаттың жұқа әрі селдір матадан тігілген көйлек кигені байқалады. Белгілі болғандай, ол Dana Dyusembayeva сән үйінің көйлегін таныстырған. Мұнымен қоймай Тасованың өзі Instagram желісіндегі парақшасында дәл осы көйлекті киіп түскен суретін жариялаған.

Қазақта «Балық басынан шіриді» деген жақсы сөз бар. Халыққа белгілі, жоғаршы шен өкілдерінің істеп жатқан ісінің сиқы мынау болса, біз «Байзақоваға» ренжімей-ақ қояйық. Сорақылықтың шегі емес пе бұл? Онсыз да қоғам «жабайы демократияның» құлы болып жатқанда, бұл да «отқа май құйғандай» болды.

Көршілес Өзбекстан мемлекетінде «әдепсіз үлгідегі» киім киіп көгілдір экраннан, сахна төрінен көрінген әртістерге шара қолданады. Ал бізде олар тайрандауымен қоймай өздерін жарнамалап әлек. Неге жас ұрпақ мұндай ұятсыздықты көріп өсуі керек?! Өз білгенін істеп, білгішсінген, ар-ұятты емес «қара пиярды» бәрінен биік қойған мұндай жандарға билік тарапынан шектеу қойылмаса, әсте, бұл сорақылықтың соңғысы емес…
М.Тағай

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.