Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Орнықты ой, орынды сөз

Б.ТІЛЕУХАН, Мәжіліс депутаты:… бiз имансыздыққа бет алып барамыз

Қазақстан «вахта» сияқты. Байлар ақша жинайды да, Швейцарияға барып тұрады. Ақша жинап жатқан біраз адамдар Дубайдан, Испаниядан үй салып қойды.

Бұл не деген сөз? Бұл Қазақстан – тұруға келмейді деген сөз. Бұл – біздің ел қаржы жинаудың көзі деген сөз.

Халық осы елмен болашағын байламаса, ұрпа­ғым осында тұрады деп есептемесе, осы жерде қаламын деген ойы болмаса, мұнда дұрыс мемлекет құрыла ма? Құрылмайды!

Біздің рухымыз өшті! Біз ұлт ретінде құрыдық!

Неліктен құрыдық? Себебі, біз имансыздыққа бет алып барамыз. Неліктен имансыздыққа бет алдық? Махамбеттің: «Мұсылманшылық кімде жоқ, тілде бар да, ділде жоқ» деген сөзі қайда? Парламенттегілерге де құлдық сана дендеп сіңген.Құлдық сана неліктен сіңген? Өйткені олар бір күнгі тойғанын ойлайды, бір күнгі жанның жылынғанын ойлайды.

                                                                                                                                                             365info.kz

Ұқсас жаңалықтар

Ерлан Саиров, саясаттанушы: Өте өкінішті және сорақы…

admin

Е.БІРТАНОВ, ҚР Денсаулық сақтау министрі: Оны жасырмай айту керек

admin

Олжас ӘБІЛ, қаламгер:… қазаққа пайдасынан гөрі зияны көп боп тұр.

admin