Е.РАҚЫШЕВ, режиссер: …ақылдарыңды алдымен өз балаларыңа айтыңдар
Жақында Денсаулық сақтау министрлігі мектеп оқушыларына тегін мүшеқап (презерватив) таратуды бастамақшы. Онымен қоса 16 жасқа толған қыздарға ата-аналарына айтпай, олардың рұқсатынсыз түсік (аборт) жасатуға болады дейді. Мұндай «қамқорлық» кәмелетке толмаған қыздар арасында түсік жасауды азайтады- мыс. Министрлер, мұндай ақылдарыңды алдымен өз балаларыңа айтыңдар. Тегін мүшеқапты қолдана бер, қызыңа аборт жасайтын болсаң, бізден сұрамай жасата бер. Сендер өздеріңнің жымысқы ойларыңды іске асыру үшін, қазақты бүйтіп алдап, жарылқамай ақ қойыңдар. Бұларың оқушы балаларға жыныстық қатынасқа ерте түсуді жарнамалайтын жол. Біздің салт-дәстүріміз, менталитетімізбен санаспай, оқушыларды азғындық, жаман жолға түсіретін жол. Дұрыс оқу-тәрбие беріп, тегін спорттық тағы да басқа үйірмелер ашудың орнына, қазақ ұлтын жоюға, шет елден алған ақшаларыңды өтеу үшін жасап жатқан жұмыстарың. Байлығымызды ұрлап, тонап, әр қазақтың мойнына кредит іліп қойғандарың аздай, енді барлық салада ашық мәңгүрттендіруге көштіңдер. Денсаулық сақтау министрлігінің бұл бастамасының да артында шет елдердегі біздің жауларымыз тұр.
Alashainasy.kz