Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Орнықты ой, орынды сөз

Ж.ЖЕКСЕНҰЛЫ, әнші: Ертеңiне – «жұлдызсың»

Қазақ эстрадасында өздеріне сенімді ылғи «кәсіпқой», үлкеннен имену, кішіден ұялу дегенді білмейтін бір толқын келді.

Қазір елімізде елдің санасын оятатын, танымды, ой қозғайтын бағдарламалар жоқтың қасы. Тыңдарманның да, көрерменнің де деңгейі төмендеп кеткен.

Бір сөзбен айтқанда, Масқара! Кім не істеп жүргенін өздері білмейді. Осыдан кейін әнші болғаныңа ұялып, арлана бастайсың…

Үлкендерден «бұл неге осындай болды, мынау проблема ғой, қалай шешуге болады» деп сұрасаң, «мені кім тыңдайды дейсің» деп басын алып қашады.

Өйткені ел, халықтың өзі сол әншісымақтарды қолдан «жұлдыз» етіп жіберді… Экранға елпілдеп, екі-үш рет шықса, мән-мағынасы жоқ «Бірлік болсын әлемде» дегенді аузы талғанша қайталап,  аяғы талғанша секіре берсе, жетіп жатыр… Ертеңіне – «жұлдызсың».

Арзан күлкілі сайқымазақтар мен дәлдүріш әншілердің қаптап кетуіне еш таңдаусыз, талдаусыз, талғаусыз, сүзгіден өткізбей-ақ эфирге шығара беретін көркемдік кеңесі жоқ телеарналар мен радиолардың да «үлесі» зор. Ең алдымен миллиондаған көрерменді аяу керек емес пе?

                                                                                                                                                            365info.kz

Ұқсас жаңалықтар

Бэлла ОРЫНБЕТОВА, Қоғам белсендісі: Нарықты реттейтін не заң, не тәртіп орнатуға мүдделі орган жоқ

admin

Төлен ӘБДІК, жазушы: Оның бәрі — «фальш

admin

А.Сейітхан, спорт журналисі: Футболдағы ақша ағын су…

admin