А.ЖҰМАДІЛДАЕВ, академик: Технократтық елге айналмай қазақ ел болмайды
Технократтық елге айналмай қазақ ел болмайды.«Ұлттық намыс, ұлттық рух» деген сөзді қазақ көп айтады. Мұның барлығы технократтық реформа болмай, бос сөз болып қалады.
«Ойбай, рух қайда?» деп сіз күніге жүз рет айқайлаңыз. Не өзгереді?
Бірақ дүниеде елдің екі түрі болады. Жетекке жүретін ел және жетектейтін ел. Қысқаша айтқанда өндіруші ел де, қалғанының барлығы солардың өнімін тұтынып, жетегінде жүретін елдер. Бұл дегеніміз экспансияның жаңа түрі.
Мықты елдер айтады: «Сен менің тауарымды сатып ал, міндетің сол. Қалған уақытыңды рухани байлық қайда кетті, тілдің халі неге мүшкіл деп өткізе бер. Осыны анықтау үшін жиналыс жаса, конференцияларды үзбей өткіз, даулас, таласқа түс, ойбайға сал. Бірақ, біреуің «гайка» бұрама, біреуің компьютер шығарма, көлік құрастыруды үйренбе. Мұның барлығын сен бізден алсаң болады» дейді.
Өкінішке орай біздің зиялы қауым осыны түсінбей отыр. Бұл қазаққа өте қауіпті нәрсе. Тағы да айтам. Қазақ қазақ болып қалу үшін ең алдымен технологиялық және технократтық жетістікке жетуі керек.
newsasia.kz