Қ.ТОҚАЕВ,Сенат төрағасы: … ОЛАРҒА ДЕГЕН СЕНІМДІ ӘЛСІРЕТІП

Қылмыстық процестің негіздерін жаңғырту жөніндегі Парламент қабылдаған түзетулер сот-құқықтық реформасының жаңа кезеңге аяқ басуына тың серпін берді деп айтуға толық негіз бар. Қол жеткізген нәтижелерге қарамастан, құқық қорғау органдарының азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жасау сапасы әлі де заман талаптарына толық жауап бере алмай отыр.

Тұтастай алғанда, бұл халықтың құқық қорғау жүйесіне деген сенімінің азаюына алып келеді. Осының негізінде қоғам мен құқық қорғау органдарының арасындағы өзара байланыс пен сенімді қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл міндет туындайды.

Негізсіз қылмыстық қудалаудан қорғау және қылмыстық сот ісін жүргізудің жазалаушылық (репрессивтілік) сипатының деңгейін төмендету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мәселелері күн тәртібіндегі өткір сұрақтардың қатарына жатады.

Сот шешімдерінің орындалмауы немесе уақтылы орындалмауы әділдіктің үстемдік етуіне кедергі келтіруде. Ол сот билігімен қатар мемлекеттің де беделін төмендетіп, оларға деген сенімді әлсіретіп отыр.

                                                                                                                                                                   365info.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.