В.ВОЛКОВ,Сенат депутаты: … КҮРЕС ШАРАЛАРЫН КЕҢЕЙТУ ҚАЖЕТ ДЕП ЕСЕПТЕЙМІЗ

Қазір Қазақстанда бір миллион банкнотқа 3 жалған ақшадан келеді. Ресейде бұл көрсеткіш – 15, Еуроодақ елдерінде осы арақатынас екі есе көп: миллион банкнотқа 30 жалған ақша. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, биыл Қазақстанда 7,9 млн. теңге сомасына 1451 жалған банкнот және 10 млн. теңгеден астам сомаға шетелдік валюта тәркіленген.

Қазіргі заманауи технологиялар дамыған кезеңде криминалдық топтар жалған ақша жасауды кәсіби деңгейге жеткізіп, жолға қойып алған. Сондықтан түпнұсқаны жалған валютадан айыру барған сайын қиындап барады. Азаматтардың көбінде ешқандай күдік те туындамайды. Жалған ақша негізінен олардың жасанды екенін анықтайтын құрылғы жоқ жерлер — дүкен, базар және қоғамдық орындарда айналымда жүреді.

Осыған орай, халық­аралық тәжірибе мен жаңа технологиялардың дамуын ескере отырып, аталған құқық бұзушылық түрімен күрес шараларын кеңейту қажет деп есептейміз.

                                                                                                                                                                    Baq.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.