Д.АБАЕВ, ҚР АжК министрі: .. газеттер өзiнiң маңызын жоғалтпайды

Мәжбүрлеп газетке жаздыруды қолдамаймын. Сондықтан бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына мүмкіндік беруіміз қажет. Яғни оқырман өзіне қажет басылымды іздеп жүріп оқитындай болуы тиіс. Ол үшін газет-журналдарда контент, мазмұнды, сапалы материалдар жариялануы керек. Бұрынғыдай, газеттер жаңалықтың жаршысы деңгейін өзгертуі керек. Өйткені, ол ақпараттар ауыл-аймаққа жеткенше мәні кетеді. Бірақ сол ақпаратты толықтырып, жан-жақты зерттеп, сараптап берсе, оның жөні басқа. Жалпы, цифрландыруға көшкенмен газеттер өзінің маңызын жоғалтпайды. Өйткені, мерзімді басылымдағы толыққанды, жан-жақты жазылған материал оқырманға қашан да қажет.

«ЖҚ»

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.