М.ЖОЛДАСБЕК: … кәсіпке ақыл айтатындардан аяқ алып жүре алмайсың

Дін біреудің қолжаулығы емес, кәсіп те емес, нәсіп те емес. Дін дегеніміз – биік парасат, іңкәр махаббат, таза мәдениет, адал ар-ождан, түпсіз-терең тағылым. Дін дегеніміз ғылым. Бұл екеуі – егіз ұғым. Ғылым-біліммен сусындамасаң, демек дінді де толық танымағаның. Дінге жүрдім-бардым қарауға болмайды. Дінді қаруға айналдыруға болмайды.Әттең, әзір өз әрекетімен исламға күйе жағушылар көбейді. Арандатушылар, адас­тыру­шылар көбейді. Бұлар діннің шын мақсатын түсінбегендер. Ақылы таяз, білімі толықпағандар. Бұлар өзін діншілміз деуге лайықты емес. Ал қазір қалай осы? Сақал өсіргеннің бәрі шетінен молла. Ауыз бекітіп, 5 уақыттық намазын қаза қылмай жүргеннің бәрін «Мынау діндар. Осының аузына қарайық, сөзіне құлақ салайық» дейтін болдық. Оның алған біліміне, ой-деңгейіне, әрбірден соң ақыл-парасатына қарап жатқан ешкім жоқ. Бесіктен белі шықпай жатып ата сақалын аузына түсірген, көпті көрмей жатып көпке ақыл айтатындардан аяқ алып жүре алмайсың.Менің ұсынысым мынау: жалпақ жұртты хадистермен, уағыз­дар­мен сусындатуды кім көрінгенге емес, мешіттегі молдаларға, дін маманының еншісіне сеніп тапсыру қажет.

365info.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.